...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Вьетнам Алматыға заңсыз ойын бизнесі бойынша күдіктіні экстрадициялады

Вьетнамнан Алматыға заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға күдікті шетелдік азамат жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас прокуратураның мәліметінше, Алматыға Вьетнамнан Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат экстрадицияланды.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2022-2023 жылдары күдікті серіктесімен бірге Алматы қаласының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 12 млн теңгеден астам қылмыстық кіріс алған. Қылмыс жасалғаннан кейін фигуранттардың бірі қылмыстық жауапкершілікке тартылса, екіншісі тергеу органынан жасырынып, іздеу жарияланды, — деп атап өтті прокурорлар.

Нәтижесінде ол Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына орналастырылды. Қазақстанда оған мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төндіреді.

Дереккөз: Nur.kz