Қазақстандық теннисшілер Бейбіт Жұқаев пен Әмір Омарханов Алматыда өтіп жатқан ATP 250 хард турниріндегі қос сайысын аяқтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Спортшылар жұптық разрядтың негізгі сеткасына ұйымдастырушылардың арнайы шақыртуы — wild card арқасында қатысты.
Бірінші айналымда Жұқаев пен Омарханов бірінші себеттегі австриялық Лукас Мидлер мен Нил Оберлайтнермен кездесті.
Матч екі сетке созылды, екеуі де тай-брейкпен аяқталды. Мидлер мен Оберлайтнер 7:6 (8:6), 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 1 сағат 21 минут өткізді.
Жұқаев пен Омарханов Almaty Open-тегі өнерін осымен тәмамдады. Жекелей разрядта олар іріктеу кезеңінің бірінші айналымында ұтылып қалған болатын.
