
LOT Polish Airlines әуекомпаниясы 1 маусым 2026 жылдан бастап Варшава – Алматы бағытында тұрақты жолаушылар рейстерін бастады, , деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Рейстер аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері Boeing 737 MAX әуе кемелерімен орындалады. Қазақстан Көлік министрлігінің хабарлауынша, жаңа бағыт халықаралық маршруттық желіні кеңейту және әуе қатынасы жиілігін арттыру аясында іске қосылды.
Жаңа маршрут енгізілгеннен кейін Қазақстан мен Польша арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына сегізге жетті. Қазіргі уақытта әуекомпания Астана – Варшава бағытында да осындай жиілікпен рейстер орындайды.
Сонымен қатар, екі елдің авиациялық билігі Атырау – Варшава жаңа бағытын ашу туралы келісімге қол жеткізді.
Дереккөз: Inalmaty.kz