
Құтқарушылар Алматы тауларында жоғалған туристі екі тәулік бойы іздеп, оны тірі күйінде тапты. Шымбұлақ шыңына қарай 3200 метр биіктіктегі беткейді жаяу шолған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеуге «Барыс» РҚҚ және Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары шұғыл түрде аттанды. Олар 3200 м биіктікке көтеріліп, Шымбұлачка шыңына қарай беткейді жаяу тексерді.
Құтқарушылар ескертеді: тауға шыққанда, нақты бағытыңыз бен жорықтың уақыт кестесін туыстарыңызға хабарлаңыз!
Бұған дейін Алматы облысының тауларында Букреев шыңынан түсу кезінде жасөспірім туристік топтан қалып қойғаннан кейін құтқару операциясы жүргізілгені хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz