
Алматыда «Заң және тәртіп» әлеуметтік жобасы аясында «Қаладағы заң» атты құқықтық квест-марафонның үшінші ойыны өтті. Шараға Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің студенттері қатысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ойын Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің аумағында өткізілді. Қатысушылар құқықтық кейстерден бастап қоғамдық қауіпсіздік және командалық сынақтарға дейінгі бірқатар практикалық тапсырмаларды орындады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат жастардың өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне көмектеседі және жауапкершілікті қалыптастырады.
Дереккөз: Almaty.tv