Алматыда 19 мамыр 2026 жылы құрылыс алаңынан шығып, із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайдың мәйіті табылды. Ол Райымбек даңғылындағы (147Б үйінің маңы) нысаннан күндіз кетіп, содан бері хабар-ошарсыз кеткен еді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жігіттің ағасы полицияға арызданған. Оның айтуынша, Ерзаттың соңғы рет ұялы телефоны Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында (Іссақ дачалары, «Көксай» бақ қоғамы) тіркелген.
Еріктілер «LIDER.KZ» ұйымы қайғылы оқиға туралы Instagram-да хабарлады.
Дереккөз: Zakon.kz