
Алматыда полицейлер түнде үйлердің бірінің ауласында жергілікті тұрғындардың демалуына кедергі келтірген азаматтарға шара қолданды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаментінің Instagram-парақшасында түнгі оқиғаның видеосы жарияланды. Ол үй ауласында түсіріліп, әлеуметтік желілерде тараған. Барлық қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілгені айтылады.
Олармен түсіндіру жұмысы жүргізіліп, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік материалдар жасалды. Нәтижесінде сот шешімімен қатысушылардың бірі әкімшілік қамауға алынды, — деп мәлімдеді полицияда.
Полиция мұндай әрекеттер, тіпті «көңіл көтеру үшін видеоға түсірілсе де», салдарсыз қалмайтынын ескертеді. Қала тұрғындарының түнгі тыныштығы сақталуы керек, ал қоғамдық тәртіптің кез келген бұзылуы жауапкершілікке әкелетінін еске салады.
Дереккөз: Nur.kz