Бельгия королі Филипп пен королева Матильда мемлекеттік сапармен Қазақстанда жүр. Олар Астанадан Алматыға аттанады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Президенттің баспасөз қызметі Telegram-арнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорда әуежайында Бельгия корольдік жұбын шығарып салған сәттері түсірілген фотосуреттерді жариялады.
Аталған мемлекеттік сапар король Филипп пен королева Матильда үшін осымен аяқталмайды — ол бүгін Алматыда жалғасады.
Бельгиядан келген құрметті қонақтар Астанаға 12 қазанда келген болатын.
