...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы Forum ТРЦ жанындағы жаңа жол белгілері: жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге не өзгереді

Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі Forum сауда-ойын-сауық орталығының жанында жаңа жол белгілері пайда болды, бұл туралы қала тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде фото мен видео жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Kolesa.kz басылымы ахуалды түсіндіріп, бұл жердегі жаңа белгілер болашақ бағдаршам нысаны мен жаяу жүргіншілер өткелі үшін жобаның бастамасы ғана екенін мәлімдеді. Аталған учаскедегі қозғалысты ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Сейфуллин – Попов қиылысында бағдаршам орнатпай-ақ қос тұтас сызықты үзу мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ, Сейфуллин көшесінде, Абай мен Сәтбаев аралығында, ортадағы жолақтың сары тұтас сызықпен бөлінуінің себебі белгілі болды.

Бірнеше күн бұрын, 12 қазанда, Алматы әкімдігі Саина көшесінде SkyTrain жазуы бар қоршаулардың пайда болу себебін түсіндірген болатын.