Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экология саласында бірқатар бастама көтеріп, Алматыда Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция хатшылығының аймақтық кеңсесін ашуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, осы бастаманы жалғастыру мақсатында табиғи мекендеуді қалпына келтіруге, түрлерді қорғауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейтуге бағытталған 10 жылға арналған Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі ұлттық бағдарлама қабылданды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы бірлескен жұмыстың бірнеше басым бағыттарын атап өтті. Ол тығыз үйлестіруді қажет ететін салалардың қатарында су ресурстарын басқаруды атады.
Бұдан бөлек, президент биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында технологиялық прогрестің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға шақырды.
Сөз соңында мемлекет басшысы Алматыда Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция хатшылығының аймақтық кеңсесін орналастыруды ұсынды.
Оның айтуынша, бұл кеңсе Орталық Азия елдеріне Куньмин-Монреаль жаһандық биоәртүрлілік жөніндегі негіздемелік бағдарламаны іске асыруға қолдау көрсетіп, ғылыми алмасуды және бірлескен табиғатты қорғау жобаларын жүзеге асыруға жәрдемдесе алады.
Тоқаевтың Саммитте тағы не айтқанын осы сілтеме арқылы оқуға болады.
