...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

Теңге әлсіреуін жалғастыруда: доллар бағамы 473 теңгеге жетті

Алматыдағы айырбас пункттерінде американ валютасын 473 теңгеден сатып жатыр. 8 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 467,9874 теңгені құрап, 2,76-ға төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 8 шілдедегі ресми доллар бағамы 471,04 теңгені құрайды. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 470 теңге, сату бағамы 473 теңге.

Дереккөз: Almaty.tv