...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы өртте ер адам ауыр күйік алды

Наурызбай ауданындағы уақытша тұрғын үйде өрт шығып, бір адам ауыр күйік алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Өрт Достық шағын ауданында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт шамамен 100 шаршы метр аумақты қамтыған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды жедел оқшаулап, толық сөндіріп, көрші ғимараттарға таралуына жол бермеген. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап, жақын үйлердің тұрғындарын қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаған.

Өрт сөндірілгеннен кейін ғимарат ішінен құтқарушылар ер адамды тапқан. Зардап шеккен адам ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілген. Алдын ала ақпарат бойынша, ол өрт кезінде мас күйінде болған.

Өрттің себептері анықталып жатыр. Барлық мән-жайды анықтау үшін өрт-техникалық сараптама тағайындалды.

Дереккөз: Inalmaty.kz