Алматыдағы аль-Фараби даңғылындағы өлімге әкелген ЖКО бойынша прокурор айыпталушыға 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Зардап шеккен қыздың әкесі 100 млн теңге моральдық өтемақы талап етті.
Прокурор Әлібек Күмісбеков Zeekr жүргізушісі Александр Пакқа 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушілер кінәліні кешірді, бірақ заң бойынша жаза тағайындауды өтінді.