Алматы полициясы сұйық тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгумен күресті күшейтіп, 2026 жылдың басынан бері 564 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Алматыда жыл басынан бері ассенизаторлық көліктер мен жүк тасымалдаушы автокөліктердің 564 жүргізушісі қалдықтарды заңсыз төккені үшін жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 11,8 миллион теңгеден асты.