
12-14 мамыр аралығында Қазақстан аумағын Скандинавия өңірінен келген қуатты антициклон жауып, күрт суыту әкелді. Синоптиктердің мәліметінше, елордада түнгі аяз -3°С-қа дейін жетеді, оңтүстік астанада нөсер жаңбыр күтіледі, ал үшінші ірі мегаполисте жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанадағы ауа райы:
12 мамыр: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде аяз -1-3°С, күндіз +13+15°С.
13 мамыр: айнымалы бұлтты, кейде жаңбыр, күн күркіреуі мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +14+16°С.
14 мамыр: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.
Алматыдағы ауа райы:
12 мамыр: бұлтты, жаңбыр, күн күркіреуі, түнде кейде қатты жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, түнде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +14+16°С.
13 мамыр: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +17+19°С.
14 мамыр: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +19+21°С.
Шымкенттегі ауа райы:
12 мамыр: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С.
13 мамыр: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +24+26°С.
14 мамыр: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +26+28°С.
Дереккөз: Zakon.kz