Алматы тауларындағы жартастар арасынан сирек кездесетін гүл – лжеводосбор анемоновидный табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Фотограф Дмитрий Доценконың айтуынша, осы айда қар толығымен еріп, тау беткейлері биік таулы бастауыш гүлдердің – примула, меніңбау, горечавка, лютик және альпі шегіргүлінің ашық түсті кілемімен жабылады. Жоғарыда, беткейлерде әлі қар жатыр, ал мұздықтар жазғы күн астында жарқырап, ақ түске боялады.
Доценко жартастар арасынан таңғажайып гүлді кездестірді. Ол гүлдің тіршілікке орын жоқ сияқты тар жартас жарықтарында өмір сүруге бейімделгеніне таң қалды.
Публикация от Дмитрий Доценко / Фотограф Алматы (@dots_foto)
Пікір қалдырушылар көргендеріне тәнті болып, біреуі тіпті осы әдемі жердің орналасқан жерін айтуды сұрады. Басқа қолданушылар Доценконы бұлай істемеуге шақырып, қатаң қарсылық білдірді.
15 маусымда Доценко қазақстандықтарға күтпеген Қостанайды көрсетті.
Дереккөз: Zakon.kz