Алматы полициясы автобустарға рейд жүргізіп, 127 автобусты айыппұл тұрағына жеткізді. Бұл шара жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында өткізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, іс-шара басталғаннан бері 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталған. 127 автобус арнайы айыппұл тұрағына жеткізілген.
Ең жиі кездесетін бұзушылықтар – жолаушылар тасымалы ережелерін сақтамау және көлік құралдарын рұқсатсыз қайта жабдықтау.
Тәртіп сақшылары тасымалдаушылар мен жүргізушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Сондай-ақ, 23 маусым 2026 жылы Алматыда полицияның бұзушыларды жаппай эвакуациялаумен өткен рейді туралы хабарлаған болатынбыз.
Дереккөз: Zakon.kz