...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Шымбұлаққа көлікпен кіруге тыйым салынды: электромобильдерге де шектеу бар

Алматыда Шымбұлақ шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аумағына көлік құралдарының кіруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, аталған аумаққа электр қозғалтқышы бар көліктер (электромобильдер), арнайы техника, сондай-ақ коммуналдық, жедел және авариялық қызметтердің көліктері мен осы аймақта тұратын жеке тұлғаларға тиесілі көлік құралдарынан басқа барлық көлік түрлерінің кіруіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері бұл шектеу электромобильдерге де қатысты болады. Яғни, бұл күндері олардың да аталған аймаққа кіруіне рұқсат етілмейді.

Шешім 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін шектеулер ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік және антропогендік жүктемені азайту мақсатында енгізіліп жатқаны хабарланған болатын.