2026 жылғы 29 қыркүйек – 1 қазан аралығындағы ел бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 30 қыркүйекте ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз жел екпіні секундына 18 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +4…+6°C, күндіз +19…+21°С.
1 қазанда айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°С.
2 қазанда айнымалы бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр, күндіз найзағай. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метр. Түнде +5…+7°С, күндіз +15…+17°С.
Алматыда 30 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +9…+11°С, күндіз +22…+24°С.
1 қазанда айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел екпіні секундына 13 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Түнде +12…+14°С, күндіз +22…+24°С.
2 қазанда айнымалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Кейде жел екпіні секундына 15 метр. Түнде +10…+12°С, күндіз +19…+21°С.
Шымкентте 30 қыркүйекте айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Күндіз жел екпіні секундына 15-20 метр. Түнде +10…+12°С, күндіз +22…+24°С.
1 қазанда айнымалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз мезгіл-мезгіл қатты жаңбыр, бұршақ. Жел екпіні секундына 15-20 метр. Түнде +12…+14°С, күндіз +18…+20°С.
2 қазанда айнымалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Түнде жел екпіні секундына 15-20 метр. Түнде +12…+14°С, күндіз +22…+24°С.
