...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Самал-3 тұрғындары саябақ үшін жер учаскесін қайтаруды талап етті: әкімдік жауабы

Алматы әкімдігі Самал-3 шағын ауданының тұрғындарының саябақ аймағы үшін жер учаскесін алып қою туралы өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы Мендіқұлов пен Қажымұқан көшелерінің қиылысындағы жер учаскесін саябақ аймағына беруді талап еткен. Бұл учаскенің ауданы 0,50 га бұрын жеке меншікте болған. 2020 жылы меншік иесіне көппәтерлі тұрғын үй кешені мен бизнес-орталық салуға жобалық құжаттама берілген.

Кейін әкімдік тұрғындардың пікірін ескеріп, бұрын берілген рұқсат құжаттарын кері қайтарды. Сондай-ақ инвестормен келісімге қол жеткізілді, ол аталған учаскені сатып алып, жартысын – 0,25 га қалаға тегін берді. Сонымен қатар инвестор өз қаражатына саябақ аймағын салды, оның жобасы көрші үй тұрғындарымен келісілген, – деп түсіндірді ведомствода.

Қалған бөлігінде (0,25 га) меншік иесі – «Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп» ЖШС жылыжай салып, іргелес аумақты абаттандыруда. Жоба сәулет және қала құрылысы басқармасы берген жобалық құжаттама негізінде жүзеге асырылуда.

«Жоба күрделі құрылыс нысандарын салуды көздемейді. Берілген жобалық құжаттаманы кері қайтару мүмкін емес, себебі жер учаскесі жеке меншікте, ал жобаны іске асыру учаскенің мақсатты тағайындалуына сәйкес келеді», – деп қосты әкімдікте.

Дереккөз: Nur.kz