Әлемге әйгілі латынамерикандық поп-жұлдыз Рики Мартин Алматыдағы терезесінен қала мен асқар таулардың көрінісін Instagram-Stories-те көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ол жанкүйерлеріне «Қайырлы таң, Алматы» деп жазды.
Кеше, 17 шілдеде, ол жеке өзі Қазақстанға ұшып келгенін хабарлаған еді.
Бүгін, 18 шілдеде, сағат 20:00-де латынамерикандық поп-сахна жұлдызы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Спартак» стадионында өнер көрсетеді.
Рики Мартин қазіргі заманның ең ықпалды әртістерінің бірі саналады. Ол көпжылдық мансабында көптеген беделді музыкалық марапаттарға ие болып, миллиондаған альбом сатқан және латынамерикандық музыканы бүкіл әлемге таратуда маңызды рөл атқарған.
Бұған дейін желіде Рики Мартиннің концерті Республика сарайына ауыстырылады деген ақпарат тараған еді, алайда ұйымдастырушылар бұл қауесетті ресми түрде жоққа шығарды: шоу стадионда өтеді, локацияда ешқандай өзгеріс жоқ.
Дереккөз: Zakon.kz