Алматы маңындағы пик Сатпаевада (4317 м) үш жасөспірім қиын жағдайға тап болып, құтқарушылардың көмегімен аман қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға Алматы облысының Қарасай ауданында болған. Алматы қаласының мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары 2007 жылы туған жасөспірімдерге көмек көрсетті. Олар түсу кезінде маршруттан адасып, қараңғы түскендіктен қиын жағдайға тап болған.
Жасөспірімдер құтқарушыларға хабарласқанда, олармен байланыс үзілмеген, геолокациясы анықталған. Медициналық көмек қажет болмады. Оларды №22 өрт сөндіру бөліміне дейін шығарып салған, содан кейін жасөспірімдер қызметкерлерге алғыс айтып, үйлеріне өздері қайтқан.
Сонымен қатар, Канаданың Сквамиш қаласындағы Ставамус-Чиф тауында түнде альпинист сақтандырусыз, жалғыз өзі тар қуыста қалып қойған. Оған екі жүк дроны ұшып келген. Біреуі арқанды жеткізіп, альпинист сол арқылы төмен түскен, екіншісі жолын жарықтандырған.
