...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Саясат

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыда дауыс берді

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қазақстан спортының жаңа буынының ең атақты өкілдерінің бірі өз таңдауын Алматыдағы Самал-2 шағын ауданындағы №382 сайлау учаскесінде жасады.

Биыл Михаил Шайдоров спорттық мансабындағы басты жетістікке жетіп, олимпиадалық алтынды жеңіп алып, Қазақстан туын қысқы Олимпиада ойындарының ең жоғарғы сатысына көтерді.

Бүгін, 23 тамызда, Қазақстанда Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. 145 депутаттық мандатқа жеті саяси партиядан 545 кандидат тіркелген. Осылайша, орта есеппен бір депутаттық мандатқа төртке жуық кандидат үміткер.

Бұған дейін Олимпиаданың күміс жүлдегері Құрылтай сайлауында дауыс бергені хабарланған еді.