Алматының Медеу ауданындағы саяжай алқабында Mitsubishi Outlander көлігі тау жотасының бойымен өтетін тар Центральная көшесінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, бір учаскеде жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік тік құламаның шетіне қарай ұмтылған. Трагедияның алдын электр желісінің тірегі алған: жол тандабас толық жылдамдықпен бағанаға соғылып, жүріс бөлігін жауып тастаған және аударылуға шақ қалған.
Бақытымызға орай, апат кезінде жолда жаяу жүргіншілер болмаған, ал оқиғаның кінәлісі жарақат алмаған. Куәгерлер рөлдегі ер адам мас күйде болған деп болжайды.
Оқиға орнына келген «Буран» патрульдік экипажы жүргізушіні медициналық куәландыруға жеткізген. Жолдың жабылуына байланысты апат орнының маңында кептеліс пайда болған.
Апат куәгерлері сондай-ақ кептелісте қалған көліктердің біріндегі мас жас жігіттер алдымен полицейлермен жанжал шығаруға әрекеттенгенін, алайда кейін көңілдері жұмсарып, тәртіп сақшылары мен құтқару қызметінің қызметкерлеріне көлікті эвакуациялауға көмектескенін айтқан.
Бұған дейін Өскеменде Toyota Town Ace жүргізушісі тұрғын үй ауласында бірнеше соқтығыс жасаған: көлік бағанаға соғылып, тұрақта тұрған автомобильді қағып, ғибадатхана қақпасына кіріп кете жаздаған және дүкеннің кіреберісін зақымдаған.
