...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Құтқарушылар Шымбұлақта адасқан сегіз туристі таудан түсірді

Алматыда құтқарушылар Шымбұлақтан жоғары тауда адасып қалған туристерге көмекке келді. Түнгі уақытта жүргізілген іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде сегіз адам аман-есен тұраққа жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 112 пультіне Медеу ауданында, Шымбұлақ тау шаңғы курортынан жоғары жерде туристер тобының бағдардан адасып, қараңғы түскен соң жолын жалғастыра алмай жатқаны туралы хабар түскен. Туристер құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған. Олармен үнемі байланыс ұсталып, геолокация арқылы орны анықталған.

Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы қалалық Құтқару қызметінің қызметкерлері жіберілген.

«Операция барысында құтқарушылар үш туристі тауып, оларды төмен түсіре бастады. Түсу кезінде олар тағы бір топ — қараңғы уақытта бағдар табуда қиналған бес адамды кездестірді», — деп атап өтті ТЖМ өкілдері.

Барлық сегіз турист Шымбұлақ тау курортының тұрағына аман-есен жеткізілді. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.

Дереккөз: Inalmaty.kz