...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда тауда адасқан сегіз турист түнде құтқарылды

Алматыда құтқарушылар түн ішінде таулы аймақтан сегіз туристі алып шықты. Олар қараңғы түскен соң бағдарын жоғалтып, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортына өздігімен түсе алмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «112» пультіне Медеу ауданында, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортынан жоғары, бір топ туристің қараңғы түскен соң маршруттан адасып, әрі қарай жүре алмай қалғаны туралы хабарлама түскен. Туристер құтқарушылардан көмек сұраған. Олармен байланыс ұсталып, геолокация арқылы орны анықталған. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жіберілген.

Құтқарушылар үш туристі жедел тауып, оларды тау етегіне алып шыға бастаған. Жолда қараңғыда бағдарын жоғалтып, көмекке мұқтаж тағы бес адамнан тұратын топ анықталған.

Нәтижесінде сегіз туристің барлығы «Шымбұлақ» тау курортының автотұрағына аман-есен жеткізілген. Ешкім зардап шекпеген, медициналық көмек қажет болмаған.

Еске салайық, Алматы тауларында адасқан шетелдік студент құтқарылған болатын.

Дереккөз: Inform.kz