«Казгидромет» РМК мамандары 9 тамызда бірнеше қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) дегеніміз – ауаның жер бетіндегі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мұндай кезде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының бойында немесе ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек.
2026 жылғы 9 тамызда төрт қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжамданған: күндіз – Ақтөбе, Алматы және Астанада, ал түнде – Атырауда.
Дереккөз: Zakon.kz
