...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Казгидромет алматылықтар мен астаналықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады

«Казгидромет» РМК мамандары Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ҚМЖ – бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 10 шілдеге дауылды ескерту жариялаған болатын. «Казгидромет» деректеріне сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде жұма күні +42°C-қа дейін қатты ыстық, жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

Дереккөз: Zakon.kz