
«Казгидромет» РМК мамандары Алматы және тағы үш қала тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туралы ескертті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе ластанудың басқа көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға дүйсенбіде найзағай мен бұршақ аралас жаңбыр жауатынын хабарлаған болатын. 2026 жылғы 22 маусымдағы ауа райы туралы толығырақ сілтеме бойынша біле аласыз.
Дереккөз: Zakon.kz