...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Италиялық туристің өмірін алматылық дәрігерлер төрт сағаттық отамен сақтап қалды

Италия азаматы Қазақстанға турист ретінде келіп, кенеттен денсаулығы нашарлап, Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған шұғыл күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Науқас Қазақстанға келгеніне үш күн болғанда іші қатты ауырып, ауруханаға жеткізілген. Компьютерлік томография нәтижесінде дәрігерлер қолқаның инфраренальды бөлігіндегі аневризманың жарылғанын анықтаған. Бұл жағдай ішкі қан кетуге әкеліп, шұғыл хирургиялық араласуды қажет еткен.

Науқасты профессор Серік Тұрсынбаев пен хирургия бөлімінің меңгерушісі Рахман Сапарбаев қарап, шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдаған. Төрт сағатқа созылған операция барысында дәрігерлер аневризманың жарылғанын растап, науқасқа жасанды қан тамыры протезін орнатқан. Мұндай оталар тамыр хирургиясындағы ең күрделілердің бірі саналады.

«Менің өмірімді сақтап қалған дәрігерлерге және бүкіл Қазақстанда күн сайын адамдардың өмірін сақтап жүрген барлық дәрігерлерге үлкен алғысымды білдіремін. Кәсібиліктеріңіз, көмектеріңіз және адамгершіліктеріңіз үшін рахмет», — деді италиялық турист.

Қазір науқастың жағдайы тұрақты, ол амбулаториялық емделуге дайындалуда.

Дереккөз: Almaty.tv