
7 маусымда Алматы Орталық Азиядағы ең ірі этно-музыкалық оқиғалардың бірі — The Spirit of Tengri халықаралық фестивалін қайта қабылдайды. Ашық аспан астындағы концерт Абай алаңында өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген орындаушыларды жинайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фестивальдің арнайы қонағы — Enigma жобасының вокалисті Andru Donalds болады. Оның хиттері әлем бойынша миллиондаған тыңдарманға таныс және әлемдік музыка мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды.
Қонақтарды этникалық және заманауи музыка тоғысында жұмыс істейтін әртістердің шығармалары, сондай-ақ әртүрлі демалыс аймақтары, этно-маркет, фудкорт және интерактивті алаңдар күтеді.
Биылғы жаңалықтардың бірі — этно, фолк және contemporary world music жанрларында жұмыс істейтін қазақстандық музыканттарға арналған open call іске қосылуы.
Фестиваль кеңістігі сағат 12:00-де жұмысын бастайды, ал кешкі концерттік бағдарлама 18:00-де басталады.
Іс-шара 7 маусымда Абай алаңында өтеді. Кіру тегін.
Дереккөз: Inalmaty.kz