...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Достық даңғылындағы заңсыз сауда нысандары бұзылды

Алматыда Достық даңғылы, 170/1 мекенжайында орналасқан өз еркімен салынған сауда нысандары бұзылды. Бұл туралы қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоспардан тыс тексеру кезінде мамандар үш бір қабатты нысанның қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынғанын анықтады. Меншік иесіне құрылыс жұмыстарын тоқтату және бұзушылықтарды жою, жер учаскесін бастапқы күйге келтіру туралы нұсқама берілді. Алайда талаптар орындалмады.

Осыдан кейін материалдар Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді, ол меншік иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Заңсыз салынған нысандарды меншік иесінің өзі бұзды.

Дереккөз: Inalmaty.kz