Алматыда 25 маусымда Рысқұлбеков көшесінде жол жабынының орташа жөндеуі басталады. Жұмыстардың жүргізілуіне байланысты учаскенің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктен, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеулер сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін, Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі аралықта қолданылады. Жұмыс жүргізілетін жерде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйымның байланыс деректері бар ақпараттық стендтер орнатылады.
Жүргізушілерден жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді алдын ала ескеріп, өз бағдарын жоспарлауды сұрайды.
Дереккөз: Inalmaty.kz