9 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 467,27 теңгені құрап, 1 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 9 шілдедегі ресми доллар бағамы – 467,98 теңге.
kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 470 теңге, ал сату бағамы 472 теңгені құрап отыр.
Дереккөз: Almaty.tv