...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Дмитрий Маликов Алматыдағы концерттен кейін көрермендерге алғыс айтты

Ресейлік эстрада әншісі, композитор, пианист және продюсер Дмитрий Маликов Алматыдағы концерттен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, көрермендерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

17 қарашада Алматыдағы Мәдениет сарайында әртіс концерт берді. Ол сахнадағы сәттердің кадрларын жариялап, алматылық көрермендерге арнайы лебізін жолдады.

«Бүгін сіздермен шын жүректен сырластым… Алматы, мені қаншалықты жылы қарсы алдыңыз! Күлкілеріңіз, билеріңіз және гүлдеріңіз үшін рақмет! Осындай кештерден кейін тағы да, тағы да сахнаға шыққым келеді! Астана, эстафетаны қабыл алыңыз», — деп жазды Маликов.

Айта кетейік, 18 қараша күні кешке Маликов Астанада өнер көрсетеді.

Желідегі жазбаның астында қазақстандық жанкүйерлер де әсерлерімен бөлісті.

«Осындай жанға жайлы концерт үшін бас иемін, сіздің энергетикаңыз бен аураңыз таңғаларлық», «Арманым орындалды! Мен сіздің концертіңізде болдым! Керемет кеш үшін үлкен рақмет», «Концерт керемет. Музыка таңғаларлық. Астанада да тамаша өнер көрсетіңіз», «Дима! Сен сол баяғы баласың! Ал мен сені жақсы көретін сол баяғы қызбын! Бүгін кешке бәрімізге 18 жас болды!» — деп жазды жанкүйерлер.