...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Бостандық ауданының бір бөлігінде су бір күнге өшіріледі

Алматының Бостандық ауданының бір бөлігінде 15 шілдеде су беру уақытша тоқтатылады. Шектеу сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін сумен жабдықтау нысандарында жоспарлы жұмыстар жүргізуге байланысты болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы Су» мәліметінше, 15 шілдеде сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданының бір бөлігінде суық су беру уақытша тоқтатылады. Өшіру мына шекаралардағы аумақты қамтиды: Әл-Фараби даңғылы; Есентай өзені; Тимирязев көшесі; Ботаникалық бақ, оның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағы.

«Алматы Су» тұрғындар мен басқа да тұтынушыларға суды алдын ала қажетті мөлшерде жинап, уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауды ұсынады.

Өшіруге байланысты сұрақтар бойынша 109 телефонына хабарласуға болады.

Дереккөз: Inalmaty.kz