...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы колледждеріне 8 мыңнан астам өтініш түсті: қабылдау толығымен цифрлық форматта

Алматы колледждеріндегі қабылдау науқаны толығымен цифрлық форматта өтуде. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. Құжаттар OQU Bilim ақпараттық жүйесі арқылы қабылдануда. Бүгінгі таңда 8 182 өтініш тіркелді, бұл мемлекеттік білім беру тапсырысының жоспарланған көлемінің 46,1%-ын құрайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Биыл кадр даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс қаладағы 58 колледжде 17 173 орынды құрайды. Жалпы Алматыда 88 колледж жұмыс істейді, онда 131 мамандық және 220 біліктілік бойынша 86,8 мыңнан астам студент білім алуда.

Дереккөз: Almaty.tv