...
... Алматы
USD
EUR
RUB

«Байсат» базары сатылмаса, Алматы әкімдігіне берілуі мүмкін

Ұзақ уақыт бойы үнемі саудаға қойылып келе жатқан «Байсат» базары сатып алушы табылмаса, Алматы қаласының әкімдігіне берілуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұрын Қайрат Сатыбалдыұлының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі болған базар 2024 жылдың басында мемлекет меншігіне қайтарылды. Одан кейін Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұл нысанды бірнеше рет саудаға шығарды. Лот сомасы да түзетіліп, әр уақытта 28,64 млрд теңге, 26,71 млрд теңге, 24,77 млрд теңгені құрады.

«Байсат» әлі де бастапқы бағасы 26,7 млрд теңгеден бастап бағаны көтеру аукционына қойылған. Сауда-саттық 18 маусымда өтеді деп күтілуде.

Алайда СЦК-дағы брифингте Нұрмахан Әділбеков базарды әкімдікке беру мүмкіндігін айтты.

«Оның сатылмауының себебі, ең алдымен, сұраныстың жоқтығы немесе инвесторларда ірі ақша қаражатының болмауы. Егер (базар – авт. еск.) сатылмаса, менің ойымша, Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру мәселесін қарастыруға болады», – деді Әділбеков.

Дереккөз: Inalmaty.kz