
Медеу ауданында 1979 жылы пайдалануға берілген жылу желілерінің учаскесін қайта жаңғырту басталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Жылыту маусымына дайындық аясында мамандар шамамен 250 метр жылу магистралін ауыстырады. Жұмыстарды жүргізуге байланысты Уәлиханов көшесінде Әлімжанов көшесінен №58 үйге дейінгі учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Шектеулер кезең-кезеңімен енгізіледі: 15 маусымнан бастап Әлімжанов көшесінен Жібек жолы даңғылына дейінгі учаскеде; 4 шілдеде Жібек жолы даңғылымен қиылыста жұмыс жүргізу кезінде; 7 шілдеден бастап Жібек жолы даңғылынан №58 үйге дейінгі учаскеде. АлТС мәліметінше, шектеулер жолдың астынан өтетін құбырды қайта жаңғырту жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін қажет.
Жөндеу жұмыстары кезінде тұтынушыларға ыстық су беру сақталады.
Дереккөз: Inalmaty.kz