2026 жылғы 9 қыркүйекте Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының 41-шақырымында Талғар – Қаскелең бағытында полиция, көлік бақылау инспекциясы және БАКАД қызметкерлері бірлескен рейд өткізді. Шара ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне қатысты болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«БАКАД Инвестиции и Операции» ЖШС-нің пайдалану және күтіп ұстау жөніндегі жетекшісі Нұрлан Өмірбаевтың айтуынша, ауыр салмақты көлік иелері камералар мен салмақ датчиктері орнатылған бақылау аркасын айналып өтуге жиі әрекеттенеді. Олар рұқсат етілген салмақтан асып жүре бастаған, бұл жол жабынының жай-күйіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жүріп өткені үшін төлемді есептеу мақсатында сәйкестендіруден жалтарады.
Нұрлан Өмірбаевтың сөзінше, егер осы бұзушыларды тауып, оларды айыппұл төлеуге міндеттесе, мемлекеттік бюджет 1,5 млрд теңгеден астам сомаға толығады.
Бұзушылықтарға дер кезінде ден қою, жол инфрақұрылымының сақталуы мен пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз ету үшін жедел-профилактикалық іс-шаралар басталды. Қызметкерлер алдымен камералар арқылы нақты уақыт режимінде бұзушыларды анықтады, содан кейін оларды тоқтатып, құжаттарын тексерді және көлік құралын қарап шықты. Ең қызығы – тәртіп сақшылары тасымалданатын жүктің салмағын сол жерде өлшеу үшін өздерімен бірге таразы алып жүрді. Мәселен, рейд барысында КамАЗ тоқтатылды. Жүргізушіге ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша бірден айыппұл салынды.
БАКАД өкілдері барлық жүргізушілерді ЖҚЕ-ні қатаң сақтауға және ақылы жолмен жүргені үшін уақтылы төлеуге үйрету мақсатында мұндай рейдтерді тұрақты түрде өткізіп тұратынын атап өтті.
