A’Studio тобының негізін қалаушы және тұрақты жетекшісі Байғали Серкебаев Алматыда өтетін екі концерт қарсаңында Шымбұлақта бейнежазба түсіріп, жанкүйерлерге арнайы үндеу жолдады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әнші қазіргі уақытта Алматыда екенін айтты. 9 және 10 қазанда A’Studio Республика сарайында концерт береді.
«Достар, бәріңе сәлем. Мен қазір Шымбұлақтамын. Қараңдар, қандай әсем жер. Ал ертең және арғы күні бізде A’Studio тобының екі керемет концерті өтеді. Келіңіздер, тосынсыйлар болады. Сіздерді күтемін», — деді ол.
Желідегі жазбаларға жанкүйерлер жылы лебіз білдіріп, «Жиірек келіңіз! Қуана келеміз», «Өскеменге де келіңіздер», «Үйге қош келдіңіз», «Келемін! Билет алдым», «Боря аға, құрмет!», «Әрқашан қуаныштымыз, әрқашан күтеміз», «Келеміз! Жыл сайын концерттеріңізге барамыз», «Астанада күтеміз» деген пікірлер жазылды.
Айта кетейік, 17 және 18 қазанда топ Астанада концерт қояды.
