...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда ақшаға интимдік қызмет көрсетілген пәтер анықталды

Алматының Алмалы ауданында полицейлер ақшаға интимдік қызмет көрсету үшін пайдаланылған пәтерді анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Желтоқсан көшесіндегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер өз мақсатында пайдаланылмаған. Тәртіп сақшылары бұл үй-жайдың жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ретінде қызмет еткенін анықтады.

«Үй-жайда екі әйел болды — Қарасай ауданының 35 жастағы тұрғыны және Қостанай облысынан келген оның 20 жастағы танысы. Екеуі де ақшаға интимдік қызмет көрсеткенін мойындады. Әйелдер дереу Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, қатысушылар мен пәтер иесінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», — делінген хабарламада.

Полицияда еске салғандай, тұрғын үйді жезөкшелікпен айналысу үшін көрінеу ұсыну да заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.