Қазақстан астанасында 25-27 қыркүйек аралығында ауа райы құбылмалы болады, ал Алматы мен Шымкентте жылы әрі құрғақ күндер сақталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін синоптиктер 24 қыркүйекке арналған дауылды ескертуді бірқатар өңірге жариялаған болатын.
Астанада 25 қыркүйекте ауа райы ала бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +13…+15°С.
26 қыркүйекте ала бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +11…+13°С.
27 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, топырақ бетінде аяз -3°С-қа дейін, күндіз +12…+14°С.
Алматыда 25 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°С, күндіз +23…+25°С.
26 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +21…+23°С.
27 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +20…+22°С.
Шымкентте 25 қыркүйекте ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°С, күндіз +25…+27°С.
26 қыркүйекте ала бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°С, күндіз +23…+25°С.
27 қыркүйекте ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°С, күндіз +21…+23°С.
