...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Астанада найзағай мен бұршақ, Алматыда +34°C: 9-11 маусымға ауа райы болжамы

9-11 маусым аралығында Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана
9 маусым: ауа райы айнымалы бұлтты, уақытша жаңбыр, найзағай. Күндіз шаңды дауыл, бұршақ. Жел секундына 23 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.
10 маусым: айнымалы бұлтты, уақытша жаңбыр, найзағай, бұршақ. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +26+28°С.
11 маусым: айнымалы бұлтты, уақытша жаңбыр, найзағай, бұршақ. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.

Алматы
9 маусым: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні секундына 11 метр. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С.
10 маусым: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +32+34°С.
11 маусым: айнымалы бұлтты, таңертең және күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел секундына 18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +28+30°С.

Шымкент
9 маусым: айнымалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С.
10 маусым: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С.
11 маусым: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +31+33°С.

Дереккөз: Zakon.kz