Қазақстанның 17 облысында 2026 жылғы 12 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 13 қарашада айнымалы бұлтты, аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с соғады. Түнде ауа температурасы -1…-3°С, күндіз 0…+2°С болады.
14 қарашада айнымалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с соғады. Түнде -2…-4°С, күндіз 0…+2°С.
15 қарашада айнымалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстіктен 3-8 м/с соғады. Түнде -3…-5°С, күндіз 0…+2°С.
Алматыда 13 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с соғады. Түнде -2…-4°С, күндіз +5…+7°С.
14 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с соғады. Түнде -3…-5°С, күндіз +5…+7°С.
15 қарашада айнымалы бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Түнде -3…-5°С, күндіз +5…+7°С.
Шымкентте 13 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с соғады. Түнде -2°С, күндіз +7…+9°С.
14 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с соғады. Түнде +2°С, күндіз +9…+11°С.
15 қарашада айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с соғады. Түнде +1…+3°С, күндіз +12…+14°С.
