«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 19, 20 және 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұған дейін синоптиктер циклон Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райын нашарлатып, -13°С-қа дейін аяз әкелетінін ескерткен болатын.
Астанада 19 қарашада ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік бағыттағы жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -4-6°С, күндіз +1+3°С болады.
20 қарашада ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр. Түнде -2-4°С, күндіз +3+5°С.
21 қарашада ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел секундына 5-10 метр. Түнде -1-3°С, күндіз +5+7°С.
Алматыда 19 қарашада ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр. Түнде +2+4°С, күндіз +12+14°С.
20-21 қарашада ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр. Түнде +5+7°С, күндіз +13+15°С.
Шымкентте 19 қарашада ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С.
20 қарашада ала бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыс жел секундына 8-13 метр, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр. Түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С.
21 қарашада ала бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыс жел секундына 8-13 метр, кейде екпіні секундына 15-20 метр. Түнде +11+13°С, күндіз +18+20°С.
