...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Астанада +5°С дейін суытады: 23-25 қыркүйектегі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 22, 23 және 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, елдің кейбір өңірлерінде әлі де +32°С-қа дейін ыстық болады, алайда жаңбыр мен найзағай да күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астанада 23 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +19…+21°С.

24 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +18…+20°С.

25 қыркүйекте айнымалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +13…+15°С.

Алматыда 23 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +25…+27°С.

24 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +25…+27°С.

25 қыркүйекте айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8, күндіз екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С.

Шымкентте 23 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +28…+30°С.

24 қыркүйекте айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +28…+30°С.

25 қыркүйекте айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +25…+27°С.