...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы әкімдігі Саин көшесіндегі шұңқырларға қатысты шағымға жауап берді

Алматы қаласының жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы Саин көшесінде жаңа асфальт төселгеннен кейін қалған шұңқырлар туралы қала тұрғынының шағымына жауап қайтарды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Басқарманың мәлімдеуінше, жаңбыр суының торлары көшені асфальттау жұмыстары кезінде уақытша алынып тасталған.

«Қазан айының ортасында асфальтбетон жабынның үстіңгі қабатын орнату жұмыстары жүргізілгендіктен, жаңбыр суы канализациясының қарау блоктары уақытша бөлшектелді. Бүгінгі күні барлық блоктар жобалық деңгейде орнатылды», — делінген басқарма хабарламасында.

Бұған дейін Instagram желісіндегі Boris.drive аккаунтының иесі Саин көшесінде, Рысқұлов көшесінен төмен қарай жаңа асфальт төселіп, шұңқырлар қалғаны туралы ескерту жариялаған. Ол ешқандай қоршауы жоқ бес шұңқырды санап шыққан.

Сонымен қатар ол бейнежазбада дөңгелегі қисайып қалған көлікті көрсеткен. Ақау, болжам бойынша, шұңқырға түсу салдарынан болған. Бейнежазба авторының айтуынша, шұңқырлар «София» тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан.