...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Астана — Қарағанды — Алматы трассасында екі айға шектеу енгізіледі

12 мамырдан 12 шілдеге дейін Алматы облысындағы «Астана — Қарағанды — Алматы» трассасының бір бөлігі жөндеуге байланысты жабылады. Айналма жол күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, шектеу KAZ01 «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолындағы орташа жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 1121–1186 км және 1194–1209 км учаскелерінде жүргізіледі.

Осыған байланысты 12 мамырдан 12 шілдеге дейін күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін Күрті — Шабыт учаскесінің 1121–1177 километр аралығы уақытша жабылады. Жөндеу кезеңінде көлік қозғалысы айналма жолмен ұйымдастырылады, — делінген хабарламада.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді маршрутты алдын ала жоспарлауға, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға және жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіністікпен қабылдауға шақырады.

Дереккөз: Inform.kz