...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Астана, Алматы және Шымкентте 17-19 маусымда найзағайлы жаңбыр мен 35°C-қа дейін ыстық күтіледі

Метеорологтардың мәліметінше, Алматы, Астана және Шымкентте үш күн бойы найзағайлы жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Синоптиктер бұған дейін нөсер жаңбыр мен 40°C-қа дейін аптап ыстық болатынын ескерткен еді.

Астана:

17 маусым: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +16+18°C, күндіз +31+33°C.

18 маусым: айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз желдің екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +17+19°C, күндіз +30+32°C.

19 маусым: айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін. Ауа температурасы түнде +18+20°C, күндіз +31+33°C.

Алматы:

17 маусым: айнымалы бұлттылық, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +33+35°C.

18 маусым: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күндіз жел секундына 18 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +20+22°C, күндіз +31+33°C.

19 маусым: айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күндіз желдің екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +19+21°C, күндіз +30+32°C.

Шымкент:

17 маусым: айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз +33+35°C.

18 маусым: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +19+21°C, күндіз +33+35°C.

19 маусым: айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +19+21°C, күндіз +33+35°C.

Дереккөз: Zakon.kz